Дауыл Бермуд аралдарына бет алды

Дауыл Бермуд аралдарына бет алды

Пуэрто Рико мен Доминикан республикасын ойрандап өткен «Фиона» дауылы Бермуд аралдарына бет алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың дауылдарды бақылау жөніндегі ұлттық орталығы дүлей де аралды елге жақындағанда жылдамдығы сағатына 215 шақырымға жетуі мүмкін деп болжап отыр. Ал ертең дауыл Канада жағалауына соғуы ықтимал.