Ресейліктердің елге кіруі шектеледі – Финляндия

Финляндия билігі Ресей азаматтарының елге кіруін шектемек

. Елдің Сыртқы істер министрі көрші елдің туристері үшін транзиттік мемлекет болғысы келмейтінін жеткізді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Кремль жартылай мобилизация туралы жариялаған күні арадағы шекарадан 5 мың ресейлік өткен.

Айта кеткен жөн, таяуда Еуроодақ Ресей азаматтарына жеңілдетілген тәртіппен виза беруді тоқтатты. Енді Шенген визасын рәсімдеу 15 күннің орнына 45 күн уақытты алады. Алымдар сомасы да шамамен 2 есе өскен.