Израильде тұрғындарға шабуыл жасалды

Израильде белгісіз ер адам жүргізушілер мен жолаушыларға пышақпен шаубыл жасап, 8 адамды жаралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Модиин қаласына жақын жерде болды. Күдікті шаһар маңындағы бағдаршамның бірінде көлігінен түсіп, басқа көліктегі жүргізушілер мен жолаушыларға бұрышты құтыны шашып, пышақтайды. Шабуылды жақын маңда кетіп бара жатқан полицей көріп қалып, қаскөйді тапаншасымен атып өлтіреді. Әзірге күдіктің мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.