Мексикада атыстан 10 адам мерт болды

Мексиканың Гуанахуато штатында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 10 адам мерт болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша бірнеше қаскөй, жергілікті барға кіріп, келушілерге бей-берекет оқ жаудыра бастаған. 9 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы бірі ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Ал күдіктілер ізін суытып үлгерген. Ал тәртіп сақшылары оларды іздестіріп жатыр.