Boeing 200 млн доллар төлейтін болды

«Боинг» компаниясы азаматтық шағымдарды реттеу үшін 200 миллион доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе бірлестіктің «737 МАКС» ұшағымен болған 2 ірі апатпен байланысты. АҚШ құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясының мәлімдеуінше, компания алғашқы апаттан кейін ұшақтың басқару жүйесіндегі ақауды жасырып келген. Бұдан инвесторлар да жапа шеккен.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Индонезия астанасы Джакарта маңында осы «Боинг 737 макс» апатқа ұшырап, 189 адам қаза тапқан еді. Ал келесі жылы наурыз айында Эфиопия әуе жолдарының ұшағы құлап, 157 жолаушы көз жұмады. Осыдан кейін әлем елдері, бұл ұшақты пайдаланудан бас тартып, бірлестік оны шығаруды тоқтатқан болатын.