Ғалымдар астероид бағытын өзгертпек

АҚШ-тың Ғарыш агенттігі жерден миллиондаған шақырым жерде ұшып келе жатқан астероидты атып, бағытын өзгертуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара алдағы дүйсенбі күні арнайы ғарыш кемесі арқылы жүзеге асырылады. Ол сағатына 22,5 мың шақырым жылдамдықпен келе жатқан аспан денесін бетпе-бет барып соғатын болады. Осындай қимылдан кейін, астероид қасындағы серіктесінің орбитасына қарай аууы тиіс. Ғалымдар сол арқылы екі мәселені зерттеуді жоспарлап отырғанын айтады.

Том Стэтлер, NASA DART бағдарламасының зерттеушісі:

– Біздің бұл шараны жүзеге асырудағы бірінші мақсатымыз - зымыранның астероидқа кинетикалық әсерін зерттеу. Екінші, келешекте Астероидтың қазіргідей бағытын өзгертетін жағдай туындай қалғанда осы техниканы қолдану мүмкіндігін тексермекпіз.