Қытайда биыл 4 млн гектардан аса егістікке зиян келген

Алайда биыл кейбір өңірлерде қуаңшылықтың кесірінен дәнді-дақылдар қурап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазда елдің басым бөлігінде 1961 жылдан бері болмаған аптап ыстық болды. Янцзы өзенінің жоғары ағысында жауын-шашын әдеттегіден екі есе аз жауған. Тіпті кейбір аудандарда екі ай бойы бір тамшы тамбапты. Осының салдарынан тамыз айында Сычуань провинциясында гидроэлектрстанция қажетті мөлшерде электр қуатын өндіре алған жоқ. Мамандардың болжамынша, осындай ауа-райы қазан айында дейін жалғасады.

Яо Вэньгуан, ҚХР су шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры:

– Шілде айынан бастап Янцзы өзені аумағында аптап ыстық болып, жаңбыр аз жауды. Салдарынан өзендер мен көлдердегі су деңгейі төмендеп, қуаңшылық белең алды. Біз Янцзы өзенінде су мөлшерін дереу реттеу бойынша арнайы жобаны іске қостық. Осы мақсатта бірқатар су қоймасын қолданып жатырмыз.

Шұғыл түрде насостар орнатылып, егістікке су жеткізетін құбырлар салынып жатыр. Бұл өнімнің біраз бөлігін сақтап қалуға мүмкін жасады. Дегенмен тұщы көлдер секілді өңірдегі негізгі су қоймалардың жағдайы нашар. Үкімет өкілдерінің есебінше, 4 млн гектардан аса егістікке зиян келген. Ал мұның тікелей эконимикалық шығыны 4 млрд доллардан асып түсті.