Украинада референдум өтіп жатыр

Украинаның Ресей бақылауындағы өңірлерінде референдум өтіп жатыр. Бұл өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск халық Республикалары, Запорожье және Херсон облыстары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар Ресей құрамына кіру туралы дауыс беретін шара 5 күнге жалғасады. Алғашқы 4 күнде дауыс беру үйдің жанындағы аумақта не адамдардың мекенжайы бойынша аралау арқылы ұйымдастырылады. Бұл қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім. Запорожье облысы сайлау комиссиясы төрағасының хабарлауынша, өңірге шетелдік бақылаушылар келген. Олар Еуропа, Африка мен Оңтүстік Америка елдерінің өкілдері.