Билетке таласқан 20 үндістандық жараланды

Үндістанда спорт жанкүйерлері бірін-бірі таптап, 20 адам жарақат алды. Дәрігерлер жетеуінің жағдайы ауыр болып түскенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға крикет матчына билет сату кезінде болған. Жексенбіде Үндістан мен Австралия құрамаларының арасында ойын өтуге тиіс. Касса маңына 30 мың адам жиылған. Бірақ билет саны 3 есе аз болса керек. Сөйтіп жұрт таласып, тәртіпсіздіктер басталған. Ашуға булыққан адамдарды тіпті полицейлердің өзі әрең ажыратып алыпты.