Шарль Мишель Ресейді Қауіпсіздік кеңесінің құрамынан шығаруды ұсынды

Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Ресейге қатысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамынан шығаруды ұсынды. «БҰҰ Қауіпсіздігі кеңесінің тұрақты мүшесі жоқ жерден соғыс бастаса, оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі автоматты түрде тоқтатылуы тиіс», – деді ол БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский де Ресейді Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның өзге құрылымдарынан шығаруға үндеген еді.

Айта кетейік, Қауіпсіздік кеңесіне Ресеймен қатар Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және Франция тұрақты мүше.