Финляндия ресейлік туристердің елге кіруіне тыйым салады

Тіпті Шенген визасы бар азаматтар да шекарадан өте алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу келесі аптадан бастап күшіне енуі мүмкін. Десе де, отбасылық, жұмыс, оқу немесе гуманитарлық мақсатпен келгендерге оның қатысы болмайды. Естеріңізде болса, жуырда Эстония, Литва, Латвия мен Польша елдері ресейлік азаматтар үшін ел шекарасы жабылатынын жариялаған еді.