Бішкек пен Душанбе арасындағы қақтығыс тоқтатылды

Бішкек пен Душанбе қақтығысты тоқтату туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан мен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің өкілдері шекарадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер жүргізді. Жанжалды және оның салдарын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды.

Бұл туралы журналистерге бүгін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев хабарлады. Ташиев «Хаттаманың барлық тармағы орындалып, қырғыз және тәжік жерлеріне бейбітшілік пен келісім келеді» деген үмітін білдірді. Таяуда ғана екі ел арасындағы қарулы қақтығыс кезінде 90-нан астам адам қаза тапты. Тәжікстан Қырғызстанның қарулы күштері мешітке шабуыл жасады деп айыптаған еді.