Ресейліктердің мешітте түнеп жатқаны рас па

Елге келіп жатқан ресейліктердің көбеюі салдарынан батыс өңірде коронавирус қайта дендеп, госпитальдер ашылып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл мәліметтің жалған екенін айтып отыр. Сонымен қатар Оралда баспана таппай жүрген шетелдік азаматтардың мешіттерге түнеп жүргені жөнінде де ақпарат фейк болып шықты. Аймақтың Бас имамы әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады.

Бақытжан Құралбайұлы, облыстың бас имамы:

- Мешіттерде ҚМДБ ережесіне сай ешбір адамға қонуға не болмаса құлшылықтан басқа уақыттарда босқа қарап отыруға рұқсат берілмейді. Тек қана намаз оқу үшін және дәрістер өту үшін ғана мешіттеріміз ашық. Қаладағы барлық мешіттердің барлығын сағат 00.00-ге дейін өзім аралап қарап жүрмін. Мешітте сырттан келіп қонып жатқан, сырттан келген былай тұрсын, өзіміздің азаматтардан қонып жатқаны ешқандай тіркелген жоқ.

Сондай-ақ...