Пуэрто-Рикода халық жарықсыз әрі сусыз отыр

Пуэрто-Рико халқы «Фиона» дауылынан кейін әлі ес жияр емес. Елдің Яуко аймағында апаттан кейін тұрғындар бір апта бойы жарықсыз, сусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай жағдайда адамдар қирап қалған үйлерін қалыпқа келтірумен әлек. Дүйім жұрт үйдегі генераторларын іске қосу үшін көмек орталықтарында жанармайдың ұзын-сонар кезегінде тұруға мәжбүр. Жергілікті «Лума» агенттігінің деректеріне сүйенсек, қазір 600 мыңдай үйде электр қуаты жоқ. Шіркеулерде халыққа барынша көмек көрсетілуде, бірақ бұл әлі де жеткіліксіз.

Естеріңізге салсақ, «Фиона» дауылы елге қыркүйектің 18-і күні соққы берді. Табиғат апатынан 12 адам опат болып, 3 млн-нан астам азамат зардап шеккен. Таяуда АҚШ билігі елге көмек жіберуді мақұлдады.