loader

Грузияда пәтер жалдау ақысы қымбаттады

Грузияда пәтер жалдау ақысы қымбаттады

Биыл алғашқы тоқсанда Грузияға барған ресейліктер саны 5 есе артқан, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл Украинадағы шиеленіске байланысты. Ресей азаматтары мұнда визасыз бір жылға дейін жүріп-тұра алады. Енді жартылай мобилизация жарияланғаннан соң кейінгі бір аптада көрші елден 115 мың адам шекара асқан. Бұл негізінен – ер кісілер. Соның салдарынан баспана бағасы артқан. Мәселен, Тбилисиде наурызда пәтер жалдау ақысы екі есе қымбаттаған еді. Бұдан жергілікті тұрғындар зиян шекті. Өйткені олар қаланың орталығынан алыстау жерлерге көшуге мәжбүр болды. Енді мамандар баға тағы да өскенін айтады.

Хелен Стерлинг, жылжымайтын мүлік бойынша кеңесші:

– Соңғы бірнеше күнде Ресейден келген азаматар санының артуына байланысты баспананы жалдау құны тағы өсті. Орталықта бос пәтерлер қалмады. Қазір екі бөлмелі пәтерді 900-ден бастап 1500 долларға дейін жалдауға болады. Басқа ауданда бағалар төмендеу. Дәл сондай екі бөлмелі пәтерді жалдау ақысы 500 доллардан басталады.

Сондай-ақ...