Бұл Грузия мен Ресей шекарасында орналасқан Верхий Ларс деп аталатын құрлықтағы жалғыз бақылау-өткізу пункті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндағы адамдардың ағыны өткен аптамен салыстырғанда 23 процентке артты. Кептеліс 20 шақырымдай. Шекрадағы адамдар ас-сусыз екі күн бойы кезекте тұр.
Матвей, Ресей азаматы:
- Мәскеуден келдім. Біраз шақырымды артқа қалдырдым. Алдымен жеңіл көлікпен келдім. Шекарада бір тәуліктей тұрдым. Кейін велосипедке отыруыма тура келді. Әйтпесе кезекте әлі де тұрар едім.
Адамдардың бәрі шаршаған, көңіл күйлері жоқ. Жасы үлкендер сұхбат беруден бас тартады. Ал жастар Грузияда пана табатынына сенімді.
Владимир, Ресей азаматы:
- Краснодардан келдім. Жанымдағы достарым да сол жақтан. Пятигорск, Ставрополь өлкесінен, Қырымнан келгендер бар. Елімізде болып жатқан жайтпен мүлдем келіспеймін. Мен жұмыс істеп, ақша тауып, технологияны дамытқым келеді. Адамдарды өлтіргім келмейді.
Қазір Грузияға бір тәулікте Ресейден 3 мыңнан астам жеңіл көлік кіреді. Елдегі кеден қызметкерлері күшейтілген режимге көшті.
Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили