Путин Запорожье мен Херсон облыстарының егемендігін тану туралы жарлыққа қол қойды

Ресей Запорожье мен Херсон облыстарының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін мойындады.

Жарлыққа  президент Владимир Путин қол қойды. Құжаттың  мәтінінде "БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтылығы мен өзін өзі анықтау қағидатын мойындап, растай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес" шешім қабылданды делінген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей әскерлерінің бақылауындағы Запорожье мен Херсон облыстарында, сондай-ақ өзін өзі жариялаған Луганск Халық Республикасы мен Донецк Халық Республикасында Ресей құрамына кіру туралы референдумдар өткен болатын. Жергілікті биліктің берген мәліметтеріне сүйенсек, тұрғындардың басым көпшілігі "қолдап" дауыс берген көрінеді.