Чехия шекара бақылауын күшейтті

Чехия Словакиямен шекраны бақылауды күшейтті. Бұған қос мемлекет арқылы Батыс Еуропа елдеріне өтуге талпынған заңсыз мигранттардың күрт артуы себеп. 

Жергілкті биліктің мәлімдеуінше, келімсектердің дені сириялық азаматтар. Соңғы бірнеше күнде чех полициясы 100-ден аса келімсекті ұстаған. Адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 9 күдікті қолға түскен. Ал ресми дерекке сүйенсек, Чехия полициясы биыл жыл басынан елге заңсыз кірмек болған 12 мың мигрантты ұстапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 есе көп дейді жергілікті билік.