Францияда халық жалақы мен зейнетақыны көтеруді талап етті

Францияда мыңдаған адам шерулетіп жатыр. Халық Париж көшелеріне шығып, жалақы мен зейнетақыны өсіруді талап етті.

Тұрғындар энергетикалық дағдарысқа байланысты елде орнаған қымбатшылыққа қарсылық білдірді. Сондай-ақ француздар таяуда қабылданған зейнетақы реформаларымен келіспейді. Айта кетейік, соңғы аптада жергілікті кәсіподақтар мен үкімет арасында түрлі араздық байқалады. Бүкіл Еуропаны жайлаған қымбатшылық, Францияға да ауыр соққы болды. Халық айлығымыз шайлығымызға жетпейді, жалақыны көтеру керек деп отыр. Шерушілердің 60 пайыздан астамы техникалық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысшылары болып шықты. Мұндай шерулер Парижден бөлек Марсель мен Монпельеде де өтті.