Парагвайда президент сайлауына қатысты құжаттар өртеніп кетті

Парагвай астанасында алапат өрт болды. Тілсіз жау ұлтық сайлау учаскесінің штаб-пәтерін шарпыды.

Ғимаратта келер жылдың сәуіріне жоспарланған президенттік сайлауға қатысты маңызды құжаттар болған еді. Әзірге өрттен зардап шеккендер туралы әлі ақпарат түскен жоқ. Сайлау учаскесінің қызметкерлері саяси науқанға арналған 8 мың аппарат зақымдалуы мүмкін дейді.

Жергілікті билік тілсіз жау қазір ауыздықталды дейді. Айта кетейік, Парагвайдың жоғары соты, үміткерлердің тізімін желтоқсанның 18-не дейін қабылдауы тиіс.