Бразилияда президент сайлауы өтетін уақыт таяп қалды

Бразилияда алдағы жексенбіде президенттік сайлау өтуі тиіс. Сонымен қатар парламент қос палатасының мүшелері мен штаттар губернаторлары сайланбақ.

Дегенмен, басты назар мемлекет басшыларының таңдауына түсіп тұр. Соңғы деректерге қарасақ, сайлауға 10 үміткер тіркелген. Басты тартыс қазіргі президент, саясаткер Жаир Болсонару мен бұрынғы мемлекет басшысы, соЛшылдар жетекшісі арасында болмақ. Қоғамдық агенттіктердің деректері бойынша алдын ала болжамға қарасақ, Лула, электораттың 44-48 процент дауысын жинап, Болсонаруды қолдағандар 36 пайыз ғана болуы мүмкін. Қазіргі президентті халық “қаржы және энергетикалық дағдарысқа төтеп бере алмады, елде қымбатшылық күшейіп, 3 млн адам, аштыққа ұшырады” деп айыптап отыр.