Вьетнамда тасқын мен лай көшкіні жүрді

Вьетнамда «Нора» тайфунынан кейін елдің орталық бөлігінде лай көшкіні мен су тасқыны жүрді. Соның салдарынан 2 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған азамат зардап шекті. Елді мекендерді жалғайтын жолдарды су басты. Өзендердің көтерілуінен аймақтағы бөгеттерге қауіп төнді. Қазір апатты аймақтарда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Сарбаздар қиын жағдайға тап болған отбасыларға қайықпен азық-түлік жеткізіп жатыр. Бұдан бөлек, мамандар ауыр техника көмегімен лай басқан жолдарды тазалауға кіріскен. Айта кетейін, метеорологиялық қызмет өкілдері таратқан ақпарға сай, Нора дауылы соңғы 20 жылдағы ең жойқын тайфун саналады.