Францияда ауқымды шеру өтті

Францияның бірнеше қаласында тұрғындар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ондаған мың адам қатысты. Бәрінің талабы бір – өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеру, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға берілетін көмек мөлшерін көбейту. Бұдан бөлек, наразы жұрт елдегі энергетикалық дағдарысқа қатысты шағымдарын айтып, үкіметті шара қабылдауға шақырды.