Ресей БҰҰ Украинаның 4 аймағында референдум өткізгенін айыптайтын қарарға вето қойып, қабылдатпай тастады

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Украинаның 4 аймағында референдум өткізгенін айыптайтын қарарға вето қойып, қабылдатпай тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты АҚШ пен Албания елі бірлесіп дайындаған. Қытай, Габон, Үндістан және Бразилия қалыс қалды. Қарарда әлем елдерін Украинаның жаулап алған аймақтарында өткізілген референдумды мойындамауға шақырған. Ресейден Украинадан әскерін дереу шығару, талап етілген болатын.

Линда Томас-Гринфилд, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Кеше Бас хатшы БҰҰ жарғысына қатысты былай деген еді. Кез келген мемлекет пен оның аумағын қорқытып, күшпен өзіне қосып алу БҰҰ жарғысының принциптері мен халықаралық құқыққа қайшы. Қазір біз дәл осындай заңбұзушылықпен бетпе-бет кездесіп отырмыз. АҚШ Албаниямен бірлесіп Украина аймақтарында өткізілген заңсыз референдумдарды айыптау туралы қарар ұсынып отыр. Құжат барлық елдерді Украианның аумағын өзгертуді мойындамауға шақырады.

Сондай-ақ...