Ұлыбританияда белсенділер наразылық акцияларына шықты

Ұлыбританияда жүздеген белсенді энергия бағасының өсуіне және климаттық дағдарысқа байланысты наразылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демонстрациялар Лондон, Глазго және Белфаст сияқты 50 қалада өтті. Акцияға қатысушылар жалақыны көтеріңдер деп талап қойды. Сондай-ақ олар британдықтарды электр энергиясы үшін ақы төлемеуге және Үкіметті қыс келгенге дейін энергия бағасын төмендетуге шақырды. Қозғалыс белсенділерінің айтуынша, егер билік елдің әлеуметтік әлсіз тобын қорғау үшін қандай да бір шара қолданбаса, халық энергияға ақы төлемейміз деп отыр.