Украинаның Солтүстік Атлантикалық Альянс құрамына кіруін 8 мемлекет қолдап отыр

Тізімде Румыния, Литва, Польша, Солтүстік Македония, Словакия, Черногория, Чехия мен Эстония бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында бүгін Румыния президенті Клаус Йоханнис хабарлады. Орталық және Шығыс Еуропа елдері тиісті құжатқа қол қойып үлгерген. Аталған елдердің басшылары Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолдау білдіріп, өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск Халық республикалары, сондай ақ Запорожье мен Херсон облыстарында болған референдумды мойындамайтынын хабарлады.