Болгарияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды

Ел аумағы бойынша 12 мыңнан астам дауыс беру учаскі таңғы 07:00-ден бастап жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жолы 240 депуттатық орынға 6600 үміткер бақ сынайды. Саяси додаға 23 партия мен 6 коалиция қатысып жатыр. Сайлау учаскілері жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де жұмысын тоқтатады.