Рим Папасы Франциск Ресей мен Украина басшыларын келісімге келуге шақырды

Рим Папасы Франциск Ресей мен Украина басшыларына қарулы қақтығысты тоқтатып, бейбіт келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Католик шіркеуінің басшысы Украинадағы ахуал жайында бүгін Ватиканда өткен дәстүрлі діни насихат кезінде айтып, өз үндеуін жолдады.

Франциск, Рим Папасы:

- Ресей Федерациясының президентін өз халқына деген махаббаты үшін бұл зұлымдықты тоқтатуды сұраймын. Украина президентін де бейбіт келісімдерге ашық болуға шақырамын. Ал халықаралық қауымдастық өкілдері жағдайды ушықтырмай, соғысты тоқтатуға бар күшін салуы керек.