Иранда билікке қарсы жаппай наразылық басылмай тұр

Ислам республикасының бірқатар қаласында тағы шерулер өтті.

Жоғарғы оқу орындарында студенттер полициямен қақтығысқан. Акцияға қатысушылар еркіндік деп ұрандатты. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Еске сала кетейік, Иранда қыркүйектің 17-сінен бері наразылық күшейген. Оған 22 жастағы Махса Амини есімді студент қыздың әдет-ғұрып полициясы қолынан қаза табуы түрткі болды. Қазірге дейін қақтығыстардан 130-дан аса адам көз жұмған.