Францияда Ирандағы шерушілерді қолдау акциялары өтті

Франция астанасында мыңдаған адам ирандық шерушілерді қолдап, наразылық акциясын өткізді.  

Шараға қатысушылар Париж көшелерімен жүріп Республика алаңына жиналды. Қолдарына "хиджаб киюді міндеттеуге қарсымыз", "Махса Амини", "Ирандық әйелдерге теңдік" деп ұрандатты. Белсенділер Иран билігі  елдегі әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату керек дейді. 

Виолетта, шеруге қатысушы:

- Біз Иранның еркіндігі үшін күресіп келеміз. Онда 43 жылдан бері диктаторлық режим үстем құрған. Біз бостандықты қалаймыз. Қалауымызша киініп, не ойласақ соны жазғымыз келеді. Иранда әйлдерге тыйым көп. Ән айтып, велосипедпен жүре алмайсың. Ал мұның барлығы Америка мен Еуропада қалыпты жағдай болып саналады.

Дәл осындай наразылық шеруі Түркияның Ыстамбұл қаласында да өтті. Наразы топ хиджапты өртеп, шаштарын қиды. Ирандық әйелдерге еркіндік беруді талап етті.