OPEC+ мұнай өндіруді қысқартуы мүмкін

Әлемде мұнай бағасы 3 пайызға өсті. Бұған ОПЕК-тің алдағы отырысы әсер еткен.

Мұнайды экспорттаушы елдер 2 күннен кейін Австрия астанасында бас қосады. Кездесуде қара алтынды өндіру көлемін күніне 1 миллион баррельге қысқарту мәселесі талқылануы мүмкін. Себебі әлемнің дамыған елдер экономикасының дамуы бәсеңдеп, қара алтын бағасының одан әрі арзандау қауіпі бар. Бұған Украинадағы қарулы қақтығыс әсер еткен. Мысалы, "Брент" маркалы мұнайдың бір баррелі ақпан айында 125 доллар тұрса қазір 85 долларға дейін түскен.

Сондай-ақ...