Британия салықты төмендету мәселесін дауысқа салуды кейінге шегеруі мүмкін

Ұлыбританияда салықтарды төмендету мәселесін дауысқа салу кейінге шегерілуі мүмкін.

Бұл туралы "Телеграф" басылымы хабарлады. Жоспарды осы елдің қаржы министрі Квази Квартенг екі апта бұрын ұсынған еді. Онда компанияларға салықты көтеру мен азаматтардың міндетті түрде төлейтін алымын 1,25 процентке арттыру бастамасын тоқтату қарастырылған. Шара ел экономикасын қолдауға бағытталған. Себебі билік әлемнің өзге де дамыған елдеріндегідей ел экономикасына құлдырау қауіпі төнгенін айтып отыр.