Пәкістанда су тасқынынан кейін түрлі жұқпалы ауру өршіді

Пәкістанда су тасқынынан түрлі індет өршеп, ауруханаларда науқастар көбейді. Кей жерлерде дертке шалыққандарды қабылдайтын орын жетіспей жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша сүзек, безгек, іш өту және тері аурулары көптеп таралып жатыр. Себебі тасқыннан ауыз су көздері лайланып, халықты таза сумен қамтамасыз ету қиынға соғуда. Пәкістанда биыл жаңбырлы маусым кезінде су тасқыны жиі болып, халық көп зардап шегіп отыр. Дерекке сүйенсек, табиғат апатынан 1 мың 700-дей адам опат болған. Елге 30 миллиард доллардан аса шығын келді.

Навид Ахмед, дәрігер:

- Қазір күн сайын 400-ге жуық адамды қабылдап жатырмыз. Кей кездері аурудың нышаны анық байқалса науқастарды еш тексеріссіз бірден емдеуге кірісеміз. Қысқа таман жағдай тіпті ушығуы мүмкін. Себебі уақытша лагерьлерде тыныс алу жолдарымен байланысты аурулар өршуі мүмкін.  

Мадад Әли Боздар, тұрғын:

- Бізге үйге оралу үшін 2-3 ай керек. Тасыған су әлі қайтпай жатыр. Балаларымыз ауырып, қатты қиналдық. Ауылымыздағы су тез қайтса үйімізге оралып, жағдаймыз біршама жақсарар еді.

Сондай-ақ...