Ауғанстандағы оқу орталығында болған жарылыстың құрбан саны артты

Кабулдағы оқу орталығында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 43-ке жетті.

Зардап шеккендер болса 83-тен асқан. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды. Қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Естеріңізге салайық, қыркүйектің 30-ы күні Ауғанстанда әйелдерге арналған білім орталығында студенттер емтихан тапсырып отырғанда бір жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Бұған дейін көз жұмғандар 35 және жарақат алғандардың саны 82 деп хабарланған еді.