БҰҰ конференциясы жақындады

Египетте қараша айында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі 27-конференциясы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған дейін қорытынды кездесуге қатысушы елдер Конго Демократиялық Республикасында жиналды. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш жиында бірқатар мәлімдемелер жасады. Ол климаттың өзгеруіне қарсы шаралар нәтиже бермей отырғанын айтты. Көптеген елдер міндеттемелерін кейінге қалдырып, толық орындамайды екен. Сондай-ақ халықаралық қаржы институттарын климаттық проблемаларды ескеріп, өздерінің бизнес жоспарларын қайта қарау керек. Деректерге сүйенсек, дамушы елдер 100 миллиард долларлық қаржыландыру міндеттемелерін орындамай отыр.