Джо Байден екінші мерзімге сайлауға қатысуға ниетті

Ақ үй әкімшілігі Джо Байденнің екінші президенттік мерзімге сайлануға ниетті екенін растады. Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байденнің өзі де бұған дейін бұл жоспарымен бірнеше рет бөліскен еді. Естеріңізге салайық, құрама штаттарының келесі президенттік сайлауы 2024 жылы болады. Саяси додада Американың 47-президенті сайланады.