АҚШ Украинаға тағы әскери көмек бөлді

АҚШ Украинаға қосымша 625 миллион долларға әскери көмек көрсетеді. Бұл туралы президент Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша Вашингтон Киевке 4 Хаймерс зымыран кешенін, 32 зеңбірек, 200 әскери көлік және қару-жарақ жібереді жоспарлап отыр.  Сондай-ақ, Ақ үй басшысы Украинаның 4 аймағында референдум ұйымдастыруға қатысқан тұлғаларға санкцияларды күшейтетінін жеткізді.

Карин Жан-Пьер, Ақ үй баспасөз хатшысы:

– Бұл біздің өз еркіндігі үшін батыл күресіп жатқан Украинаға мызғымас қолдауымызды көрсетеді. Олар өздерінің егемендігі үшін жанқиярлықпен соғысып жатыр. Сондықтан біздің одақтастарымыз да мұндай қадам Украинаның өзін қорғау үшін өте маңызды көмек деп санайды.

Мәскеу Вашингтонға ескертті

Ал Мәскеу АҚШ-тың мұндай әрекеті Ресейдің НАТО-мен тікелей қақтығысына әкеледі деп отыр. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Қару-жарақты таратпау және бақылау департаменті директорының орынбасары Константин Воронцов мәлімдеді. Ол Вашингтонның Киевке қару-жарақ пен барлау мәліметтерін беруі қақтығыстың одан әрі шиеленістіре түседі дейді.