Гималаидағы көшкіннен 10 адам мерт болды

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларында қар көшкіні жүріп, 10 альпинисттің мерт болғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар 8 адамның өмірін аман алып қалған. Тағы 11-і із түзсіз жоғалғандардың қатарында. Іздестіру жұмыстарына екі әскери ұшақ пен арнайы мамандар тартылды. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша таяуда 29 альпинисттен құралған топ Гималаи үстіртіндегі қар көшкініне тап болған. Экспидицияның барлық мүшелері арнайы дайындықтан өткен болатын.