Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға қолдау білдіріп отыр – АҚШ

АҚШ БҰҰ Қауіпісіздік кеңесінің отырысында Ресей мен Қытайды Солтүстік Кореяға қолдау білдіріп отыр деп айыптады.

Себебі қос ел Пхеньянға қарсы санкцияларды қатаңдатуға қарсы шықты. Басқосуда Солтүстік Кореяның кезекті рет баллистикалық зымыранды сынауы талқыланған еді. Бірақ Ресей мен Қытай вето қолданып, Кеңестің 9 мүшесі Пхеньянның әрекетін айыптайтын бірлескен мәлімдеме қабылдаумен ғана шектелді.

Линда Томас-Гринфилд, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Солтүстік Корея Кеңестің екі мүшесінің қорғауын пайдаланып келеді. Бұл екі  мемлекет Пхеньянның арандатушылық әрекетін талай мәрте ақтап, оған қарсы санкцияларды қатаңдатуға жол бермей отыр.

Гэн Шуан, Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары:

- Қауіпсіздік кеңесі Корея түбегіндегі ахуалға қатысты конструктивті роль ойнау керек. Кеңестегі пікірталастар мен талқылаулар жағдайды шиеленістіруге емес бәсеңдетуге бағытталуы тиіс. Олар алауыздықа емес диалогты қалпына келтіруге көмектесуі қажет.

Сондай-ақ...