Екі ел Пиреней түбегі арқылы өтетін газ құбырын салуды жалғастыруға ниетті

Германия мен Испания Пиреней арқылы өтетін газ құбырын салуды жалғастыруға ниетті.

Бұл туралы Германия канцлері Олаф Шольц Испанияға сапары барысында мәлімдеді. Жоба 2017 жылы қолға алынған еді. Бірақ экономикалық тиімсіздікке байланысты тоқтатылған болатын. Оның үстіне Францияда қарсы болған. Жалпы құбыр Барселонадан Пиреней таулары арқылы Францияның оңтүстігіндегі Барбайраға дейін салынуы қажет. Ол арқылы Испания мен Португалияның сатып алған көгілдір отынын және Алжир газын жеткізу жоспарланып отыр. 

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Біз соңғы 10 жылда Ресей құбырларына тәуелсіз газ импорттайтын инфрақұрылым жоқ деген қате түсінікті түзетіп жатырмыз. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге бағытталған шара. Келешекте инфрақұрылым сутегін де тасымалдауға мүмкіндік береді.