Ресейлік ғарышкер SpaceX кемесімен ұшты

«Спейс Экс» компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына «Кру Драгон» зымыранымен ғарышкерлерді аттандырды.

Кеме бортында НАСА ғарышкерлері Джош Кассада мен Николь Манннан бөлек жапондық Коити Ваката және ресейлік Анна Кикина бар. Ресейлік ғарышкердің "Спейс Экс" кемесімен алғаш ұшқанын айта кету керек. НАСА мен "Роскосмос" шілде айында осындай келісімге келіп, зымыранды ұшырып отыр. Онда тараптар халықаралық стансаға өз ғарыш кемелерімен бір-бірінің мамандарын ұшыруға келіскен.

Сондай-ақ...