Джефф Безос Африкаға көмек береді

Африкадағы 100 млн гектар жерді қалпына келтіру.

Джефф Безос қоры осындай жоспар құрған. Қара Құрлықта климат құбылмалы, бірде қуаңшылық жайласа, бірде су басады. Сондықтан топырақтың 60 пайыздан астамы құнарсыз, дейді ғалымдар. Безос Экологиялық қоры осы жұмыстарға 5 млн доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Кения, Мозамбик және Мадагаскарда 35 млн ағаш отырғызу үшін де қомақты қаржы қарастырылған.