Үнді шебері темекіден ойыншық жасауды кәсіпке айналдырған

Қалауын тапса қоқыстан да мол табыс табуға болады.

Үндістан астанасында Наман Гупта есімді азаматтың кәсібі осыған дәлел. Бизнесмен темекі қалдығынан ойыншықтар жасауды жолға қоя білген. Ол бұл үшін күн сайын Дели көшелеріндегі шашылған қалдықтарды жинап, өз өнеркәсібінде өңдейді. Шылымның насыбайынан тыңайтқыш, ал сүзгішінен жұмсақ ойыншықтар мен жастық жасайды. Қағазы да жеке жиналып өңделеді. Бизнесмен өз кәсібімен қоршаған ортаны ластанудан қорғап жатқанын айтады. Ал Үндістанда 267 миллион адам текемі шегеді екен. 

Наман Гупта, Code Effort Private Limited компаниясының директоры:

- Кәсібімді жақсы жолға қою үшін көп еңбек еттім. Бастапқыда 10 грамм ғана талшық жинаушы едік. Қазір күніне 1 мың келі талшық дайындаймыз. Биыл наурызға дейін 1 миллиардтан аса шылым қалдығын өңдедік. Енді ай сайын 300 тонна қалдықты өңдеуді жолға қоймақ ойдамыз.