Сиднейде жауын-шашын мөлшері артты

Австралияның Сидней қаласында биыл рекордтық мөлшерде жауын-жашын түскен.

Мұндай нөсер алып шаһарда 1950 жылдан бері болмаған. Жергілікті метеорологтардың мәліметіне сәйкес 3 айда шамамен 2 мың милиметр жауын жауған. Мамандардың айтуынша, мұны бәрі климаттың өзгеруімен байланысты.

Айта кетейін, соңғы 2 жылда Сиднейде су тасқыны жиілеп кеткен. Салдарынан ондаған мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр қалды.