ЕО Ресейге қарсы сегізінші санкциялар пакетін мақұлдады

Онда Ресей қара алтынының шекті бағасы анықталып, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін үшінші елдерге теңіз арқылы тасымалдауға шектеу қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Ресейге экспортталатын тауар саудасына жаңа талаптар енгізіліп, 7 заңды және 30 жеке тұлғаға қатысты санкциялар жарияланды. Құжат бүгіннен бастап заңды күшіне енеді. Сонымен қатар болаттан жасалған тауарды импорттауға және экспорттауға, ағаш, қағаз,  темекі, пластмас пен асыл тастан жасалған сәнді бұйымдар да шектеуге ұшырады. ЕО бұдан былай ресейліктерге сәулеттік және инженерлік қызмет, IT-консалтинг пен заң жөнінде қандайда бір кеңес қызметтерін ұсынбайды. Ресей азаматтары ЕО-ға мүше елдерде криптоактивтерін де пайдалана алмайды.