Норвегия Ресейдің балық аулау кемелеріне транзитпен өтуге шектеу қойды

Норвегия билігі Ресейдің балық аулау кемелеріне өз порттары арқылы транзитпен өтуге шектеу қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Скандинавиялық мемлекет  өткен аптада «Солтүстік ағын» құбырларындағы газдың жылыстау оқиғасынан кейін қауіпсіздік мақсатында осындай шешімге келді. Оған сәйкес ресейлік кемелер бұдан былай Норвегияның 3 портына ғана кіріп, жіті тексерістен өтетін болады.

Анникен Хюитфельдт, Норвегияның Сыртқы істер министрі :

- Норвегия сулары мен порттарында Ресейдің кемелері жіті бақыланады. Біздің ел Ресейдің заңсыз тауар тасымалына транзиттік жол болмауы үшін тиісті шектеу шараларын енгізіп отыр. Енді бұл елдің балық аулау кемелері Корольдіктің  Тромсё, Киркенес пен Ботсфьорд порттарына ғана кіре алады. Әрі ондағы тексерістер де күшейтілетін болады..