БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Зеленскиймен кездесті

БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Рафаэль Гросси Украинаға сапармен барып президент Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда тараптар Запорожье атом электр станциясында қауіпсіздік аймақ құру мәселесін талқылады. Кездесуден кейін Гросси оны украиналық нысан деп қарайтынын жеткізді. Енді ұйым басшысы Мәскеуге сапар шегуі тиіс. Ресей күштері бұл атом электр станциясын наурыз айында басып алған. Бірақ қарулы қақтығыстан нысандағы ахуал шиеленісіп, ядролық апат қаупі күшейген.

Рафаэль Гросси, БҰҰ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры: 

- Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің өзге де халықаралық ұйымдар сияқты міндеттері мен заңдық негіздері бар. Біз соны ұстанамыз. Қазіргі жағдайда біздің басты мақсатымыз – Запорожье атом элтектр станциясында ядролық апатты болдырмауға күш салу.