АҚШ-тың қарызы 31,1 трлн-ға жетті

АҚШ қаржы министрінің мәліметі бойынша мемлекеттік қарыз 31,1 трлн-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет пандемия кезінде еңбек нарығындағы қиындықтарды еңсеріп, экономиканы тұрақтандыру үшін қомақты қарыз алды. Жұмыссыз қалған халыққа триллиондар таратылып, экономикада ақша тым көбейіп кетті. Ақша көбейген соң барлық салада баға өсті. Бағаны тұрақтандыру үшін ұлттық қордағы алтынды пайдалана бастады».

Федералды бюджетке жауапты комитеттің есебі бойынша Джо Байденнің қазіргі  саясаты мемлекеттік қарызды алдағы он жылда тағы 4,8 триллион долларға еселеуі мүмкін. Дональд Трамп әкімшілігі пайыздық мөлшерлеме қазіргіден анағұрлым төмен кезде  қарыз алса, Байденнің басқаруындағы билік ең жоғары инфлияция мен пайыздық мөлшерлеме күрт көтерілген кезде де қарыз алып жатыр. Федералды резерв жүйесі бағаны тежеу үшін пайыздық мөлшерлемені көтерген сайын қарыздың да қамыты қыса түседі. Алмақтың да салмағы бар. Осылайша инфляция АҚШ тарихында қырық жылда болмаған деңгейге жетті.

- Бұрын қызым екеуіміз аптасына азық-түлікке 135 доллар жұмсасақ, қазір 200 доллар шығарамыз. Кейбір заттарды алмайтын болдық.

- Азық-түліктің бағасы қымбаттап жатыр. Ең қажет деген жұмыртқа, сүт бағасынан ақ байқауға болады.

Шамадан тыс қарыз инфиляция қысымын арттырып, ұлттық қарызды 2030 жылға қарай жаңа рекордқа жеткізеді. Ал келесі он жылдықта пайыздық мөлшерлеме бұдан да жылдам өседі, деп жазады Федералды бюжетке жауапты комитет ресми сайтында. Қысқа мерзімде инфляция үлкен алаңдаушылық туғызады. Бірақ мемлекеттік қарыздардың шектен тыс көбейіп кетуі келешекте «өте үлкен проблемаға» алып келуі мүмкін,- дейді сарапшылар.

АҚШ-тың ұлттық қарзы соңғы онжылдықта күрт өскен. Қазынашық департаментінің мәліметі бойынша 2009 жылы Барак Обама президент болып келгенде, мемлекеттік қарыз 10,6 триллион долларды құраса, 2017 жылы Дональд Трамптың тұсында 19,9 триллионға жетті. Ал Джо Байден қызметке кіріскен 2021 жылдың қаңтарында 27,8 триллион доллар болған.»

Камран Бохари, «Newline institute» сараптамалық даму институтының директоры:

- АҚШ экономикасына бұл қарыздар үлкен салмақ салады. Қарыз неғұрлым көп болған сайын ол қаржылық жүйеге де кері әсерін тигізеді. Дегенмен АҚШ әлемнің бірінші экономикасы саналатын супердержава және халықаралық сауда-саттық негізінен доллармен жүреді. Сондықтан Америка дамушы мемлекет болса бұндай қарызбен сөзсіз қиналып қалатын еді.

Нұрбек Бекен, тілші:

- Ұлттық қарыз көбейіп, қымбатшылықтың жайлауы ел билігіндегі демократтарға оңай соқпасы анық. Өйткені қарашаның басында өтетін Конгресс сайлауында халықтың  бүйрегі кімге бұрылатыны белгісіз.

Авторы: Нұрбек Бекен