БҰҰ келісімді ұзартуды қалайды

БҰҰ Қара теңіз арқылы Украина астығын шетел нарығына тасымалдау бойынша келісімшартты тағы 1 жылға ұзартуға ниетті. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келесі аптада осы мәселеге қатысты ұйым өкілдері Мәскеуге сапар шекпекші. Кездесуде Ресей астығы мен тыңайтқышы экспортын жеңілдету мәселесін де талқылау көзделіп отыр. Биыл 22 шілдеде Украина мен Ресей БҰҰ және Түркияның ағайындығымен Қара теңіздегі порттар арқылы Украина астығын шетелге шығаруға келіскен болатын. Дәліз арқылы қазірге дейін 6 миллион тоннадан астам астық шетелге аттандырылған.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі:

– Қазір БҰҰ Бас хатшысы осы Жасыл Қара теңіз бастамасын кеңейтуге күш салып жатыр. Ол бұл мәселе бойынша тараптармен үнемі байланыста. Ұйым Ресей астығы мен тыңайтқышын шетелге тасымалдауда туындаған кедергілерді де шешу үшін барлық шараларды қолға алып жатыр.