Қырым көпірінде жарылыс болды

Қырым көпірінде жарылыс болды

Азов теңізі мен Қара теңіз арасындағы Керчь бұғазы арқылы Ресейден Қырымға қарай салынған көпірде өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала ақпарға қарағанда, төтенше жағдай темір жол торабында орын алған. Өрт Краснодар өлкесіндегі Тамань станциясынан келе жатқан жанармай тиеген пойызда шыққан. Бірақ Қырымдағы тұрғындар қатты жарылыс болғанын айтады. Апаттан көліктерге арналған көпір жолы да бүлінген. Қазір өткелде қозғалыс тоқтады. Ресей тарапы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеру үшін арнайы комиссия құратынын мәлімдеді.